09.06 , 2:14 | 91 рет қаралды
Қазақстан — Черногория 0:3. Тағы бір жеңіліс

Қазақстан құрама командасы Астана қаласында өткен Әлем чемпионаты-2018 іріктеу кезеңінің матчында Черногория комнадасынан 0:3 есебімен ұтылды.

 

Бұл кездесуден жанкүйерлердің күткен үміті аз болатын, себебі команданың тізгінін Александр Бородюк қолға алғаннан бері команда ұтылыстан көз ашпай келе жатыр. 

Қазақстандықтардың бастапқы құрамына қатысты елеулі сұрақтар туған жоқ, дисквалификацияланған Бауыржан Исламханды есепке алмағанда, негізгі ойыншылар алаңда болды. Ойынның бірінші минутынан бастап алаң иелері алға қарай ұмтылыс танытқандарымен, айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Қонақтар айып соққысын орындады, бұдан соң доп айып алаңының ортасынан Стефан Йоветичке қарай ауысты, оның соққысын Давид Лория тоқтатты. Фатос Бечирай Лорияға қарсы шыққан сәттен Дмитрий Шомко дер кезінде жетті. Черногориялықтар қазақстандықтардың әлсіз жақтарын тез тауып, олардың барлық қорғанысын бірден анықтап алды. Бечирай Ахметовтың аумағындағы айып алаңына жүгіріп шықты, бірақ «Қайраттың» қорғаушысына тап болды. 17 минутта ойыншылар ауысты. Георгий Жуковтың орнына Мақсат Байжанов шықты. Бұрыштан допты соққанан кейін Ахметов Даниэл Петковичтың қақпасына қарай допты бағыттады, алайда голкипер «дөңгелекті» ұстап қалды. Айыппұл алаңынан қонақтар мен Марко Симичтің орындауындағы баспен допты ұру алыстағы «тоғыздыққа» түсе жаздады. Шомко алыстан допты тепкен уақытта, ол қақпадан жоғары қарай ұшты. Оған жауап ретінде қауіпті айып соққысы орындалды. Бұдан кейін Марко Вешович қарсыластың аумағынан допты алып қойып, айып алаңынан өтіп, Лорияны айнала, гол соқты. Есеп 0:1 болды. Бұдан соң алаң иелері допты өз бақылауына алуға барыншы тырысып бақты, Гафуржан Суюмбаевтың жіберуімен Исламбек Қуаттың допты баспен соғуы қақпаның маңдайшасына тиді және осы сәт Қазақстан командасының орындауындағы ең қауіпті сәті болды деуге болады.

 

Үзілістен кейін команда жауынгерлік әзірлікпен ойын алаңына шықты, қорғаныс шебінде отыруға ешкім ниет танытқан жоқ. Роман Мурзатаев сол жақтан келіп Исламбек Қуатқа допты бағыттады, ол болса допты аспанға қарай жіберіп қалды. Исламбек Қуат тағы бір оңтайлы сәтті босқа жіберіп алды. Байжановтың ойын алаңының ортасындағы ережені бұзуы қарсыластың тағы бір айып соққысына әкелді, алаң ортасында жалғыз қалған Бечирай допты басымен қақпаға қарай жіберіп қалды, есеп 0:2. Қазақстандықтар алға қарай жүре түсті, оңтайлы сәттер тудырды, бірақ гол соғатын ешкім болмады, ал қорғаныстағы ойын үздік деңгейде болмады деуге болады. Марко Симич үшінші голды соға отырып, ойын иелерін біржола қиратты. Бұл жеңіліске не себеп болғанын айту қиын, бірақ ресейлік Александр Бородюк бас бапкер болып келгеннен бері команданың жолы болмай келеді. Біздің ойыншылардың ойынға деген құмарлықтары қарсыластарынан еш кем болмады, ал бұдан ертеде Польша және Румыния командаларымен тең есепте ойын көрсетулері көп нәрсені білдіреді. Кездесудің соңы жауынгерлік көңіл-күйде өтті, бірақ ештеңе өзгерген жоқ, өкінішке орай, тағы жеңіліп қалды, бірақ біз үшін бұл үйреншікті жағдай...



4 қыркүйек қазақстандықтар Варшавада Польша командасымен кездеседі.

 


Қазақстан — Черногория 0:3 (0:1)
Голдар:
 Вешович 31 (0:1), Бечирай 53 (0:2), Симич 63 (0:3)
Ескертулер: Нұрғалиев 21, Байжанов 52, Мужиков 74 — Симич 43
Қазақстан: Лория, Қуат, Ахметов, Жуков (Байжанов 17), Мужиков, Нұрғалиев (Турысбек 62), Муртазаев, Суюмбаев (Тагыберген 85), Шомко, Бейсебеков, Логвиненко
Черногория: Петкович, Вукчевич, Томашевич, Вешович, Янкович, Йоветич (Зверотич 72), Бечирай (Мугоша 84), Савич, Косович (Иванич 54), Симич, Марушич
Бас судья: Себастьен Дельферьер (Бельгия)
1 қыркүйек. Астана. «Астана Арена». 


https://www.sports.kz/news/kazahstan-chernogoriya-0-3-borodets-kakoy-to

Өзгеде жаңалықтар

ФК "Астана"

28.09
21:00

ФК "Славия"