09.11 , 11:11 | 52 рет қаралды
Евгений Постников: «Вильярреалмен» ұйымдасқан түрде ойнап шығуға тырысамыз»

«Астана Центрдефі Евгений Постников Sports республикалық интернет-портал тілшісімен әңгімеде ел чемпионатында «Атырау» командасын ойсырата жеңгені мен Еуропа Лигасында испандық «Вильярреалмен» ойынға дайындық жайлы айты.

 

— Евгений, ойын басында оның соңының осыншалық ірі жеңіспен аяқталатыны еш аңғарылған жоқ. Ол жайлы не дейсіз?

— ойын бас тең болып келді. Біз допты бақылап отырдық, қарсыластарда қандай да бір мүмкіншіліктер болды. Одан әрі екі доп соқтық, ойын қыза түсті – қарсыластарға мүмкіншілік тумады. Жанкүйерлерге ойын ұнады деп ойлаймын.

 

— үзіліске «Астана» 3:0 есебімен шықты. Станимир Стоилов шешінетін жерде: «Өз рахаттарың үшін ойнаңдар!» дегенді айтпады ма?

— жоқ, бас жаттықтырушы, керісінше, біздің барынша мұқият болуымызды айтты. Босаңсып кетпес үшін барынша ұйымдасқан түрде, жинақы ойнауымыз қажеттігін мықтап ескертті.

 

— Сол сәтте «Атырау» ойыны «Астанадан» айтарлықтай әлсіздеу болып көрінді ме?

— Мен «Атырауды» әлсіз команда деп есептемеймін. Оларда жақсы ойыншылар көп. Бүгін біз жақсы ойнадық, жолымыз болды. Сәтінің түскені жақсы болды.

 

— Алдағы «Вильярреалмен» ойындағы мүмкіншіліктерді қалай бағалайсз?

— Көре жатамыз. Жаттықтырушылар қарсыластардың ойынына талдау жасайды, зерттейді, соған қарап әрекет ететін боламыз.

 

— Бұдан үш жыл бұрын «Астана» «Вильярреалмен» ойнады ғой. Ол ойыннан қандай естеліктер қалды? Сол кезде «Астана» испандық клубпен бәсекелесуге дайын болмады ма?

— Ол кезде біздің қазіргі еурокубоктық тәжірибеміз болмады. Біз үлкен жолдың басында болғанбыз, Еуропа Лигасыныңплей-офф раундына дейін жеттік. Ол ойындарда «Вильярреал» біраз басым болған, испандықтар жеңіске лайық болды.

 

— Енді бәрі басқаша болады ма?

— Солай болады деген үміттеміз. Барынша ұйымдасқан түрде ойнауға тырысамыз.

 

— Кейінге қарағанда УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өте алмағандық жайлы өкініш жоқ па? Әсіресе - Сізде, «Селтикпен» алғашқы кездесу оқиғасын ескере отырғанда.

— Чемпиондар Лигасына, әрине, қатысқымыз келеді – бұл Еуропаның ең беделді турнирі. Өзімізде жаман ойнамағанымызға қарамастан, кейде оған лайық болмаған шығармыз. Көбісі бірінші ойында-ақ шешіліп қойылған еді.

 

— Глазгодағы жеңілістен кейін Сіздер жіберіп алған доптарға алып келген қателіктер жайлы көп айтылды. Оның себебі неде? Толқу ма? Дегенмен, «Селтик Парк» сияқты стадионында ойнау барлығына ауыр ғой.

— Толқу деу артық болар... Солай болды. Қателіктер де болды. Керісінше, осындай ойындар команданы анағұрлым үйлесімді етуі қажет. Бәрі де қателеседі. Кінәлыны іздеудің қажеті жоқ. Біз командамыз, нәтиже үшін бірге жауапты боламыз.

— Құрама командалардың ойындарымен байланысты үзіліс пайдаға асты ма?

— Жеке өзім пайдалы болды деп есептеймін. Психологиялық жағынан ауыртпалықтан арылдық, жағдайды ауыстырдық – бүгінде футболға ашығып жеттік және осындай жақсы ойын өткіздік.

 

http://fca.kz

 

Өзгеде жаңалықтар

ФК "Астана"

28.09
21:00

ФК "Славия"