09.11 , 11:12 | 63 рет қаралды
Тарихи жеңіс!

«Астана» ойыншылары Премьер-Лига ойындарының 26-шы туры аясында «Атырау» командасын өз алаңында 7:0 есебімен тас-талқан етті.

Бұл ойын елордалық команданың тарихындағы ең ірі жеңіс ретінде тіркелді.

Осыған дейін Қазақстанның үш дүркін чемпионы тарихында ең ірі нәтижесі бар 5 доп айырмасы болған жеңістер болды.

2014 жылы «Астана» - «Ақтөбе» арасындағы кездесу 6:1 есебімен аяқталса, 2011 жылы «Астана» - «Қайрат» арасындағы ойында дәл осындай есеп тіркелген болатын.

Ал астаналықтар 2014 жылы «Спартакты», «Ордабасыны» және 2013 жылы «Атырауды» 5:0 есебімен үш рет жеңіске жеткен.

http://fca.kz

 

Өзгеде жаңалықтар

ФК "Астана"

28.09
21:00

ФК "Славия"