Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

«Астана» – «Олимпиакос» футбол командалары 1:1 есебімен тең түсті.

2016 жылдың 3 қарашасында «Астана-Арена» стадионында УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» және «Олимпиакос» командалары арасында матч өтті.

Бұл жолы «Астана» командасының 6 ойыншысы – Рохер Каньяс – ойыннан шығарылған және жарақат алған 5 ойыншы (Ибраими, Тағыберген, Нұрғалиев, Нөсербаев, Аничич) алаңға шыға алмады. Бұған қарамастан елордалық команда жақсы ойын көрсетті. Өздерінен деңгейі мен тәжірибиесі жоғары қарсыласпен тең ойын көрсету үшін біраз тер төгілгені анық. Жарыстың алғашқы минуттарында «астаналықтар» бірден шабуылға көшті. Ойынның жетінші минутында Патрик Твумасидің қапталдан берген соққысын Джордж Деспотович қақпаға бағыттап, гол соқты. 22 минутта Юрий Логвиненконың бұрыштан берген соққысын, қақпашы Никола Леали қайтара білді. Бірақ отызыншы минутта «Олимпиакос» командасының ойыншысы Себа есепті теңестірді. Екінші таймда қауіпті сәттер көп болғанмен, екі команда да есепті арттыра алмады.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика