Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

“Астана” командасы өз алаңында “Ақтөбе” командасын жеңді!

Құрметті футбол сүйер қауым!

2016 жылғы 23 қазанда «Астана-Арена» стадионында Қазақстан Чемпионатының Премьер-Лигасының 31 туры аясында «Астана» және «Ақтөбе» футбол командалары арасында футболдан жарыс өтті. «Астана» командасының ойыншылары алаңға ерекше серпіліспен шықты, ойын басталысымен шабуылға көшті. Матчтің 12 минутында Деспотович ойын есебін ашты. Ақтөбеліктер қанша шабуыл ұйымдастырса да, есеп өзгеріссіз қалды.

Ойынның екінші таймында «Астана» командасының гол соғатын бірнеше мүмкіндіктері болғанмен, есепті арттыра алмады.

Келесі матч 2016 жылғы 26 қазанда көкшетаулық «Оқжетпес» командасымен өтеді.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика