Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

«Астана» командасы «Ертісті» ұтты

2017 жылғы 14 мамырда сағат 18:00-де «Астана-Арена» стадионында Премьер лига командаларының 12 кезеңі аясында «Астана» мен «Ертіс» футбол командалары арасында матч өтті.
«Астана» ойынды жемісті бастады. Ойынның есебі 13 минутта-ақ ашылды. Голды «Ертістен» ауысқан Роман Муртазаев соқты. Ойынды тұтастай алғанда қызықты өтті деуге болады. Қарсылыстар қауіпті сәттер тудыру арқылы ойынның көркін арттырды. Кейбіреуіне дәлдік жетіспесе, кейбіреуінің тепкен добы қиыс кетіп жатты. Екінші таймның 80-ші минутында Дидар Жалмұқан астаналықтардың есебін арттырды. Нәтижесінде «Астана» 2:0 есебімен «Ертістің» үш ұпайын алды.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика