Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

Футболдан Қазақстан кубогының финалы Алматыда өтеді.

Қазақстан кубогының шешуші ойыны «Астана» мен «Қайрат» футбол командалары арасында қарашаның 19-ы күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтпек. Матчтың басталу уақыты – сағат 15.00-де. Матчты тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсетеді.

Қазақстан кубогының финалында ең көп жеңіске жеткен команда – Алматының «Қайраты». Олар өз тарихында 7 рет (1992, 1996/97, 1999/00, 2001, 2003, 2014 және 2015) жеңімпаз атанған. «Астана» бұл атаққа 2010 және 2012 жылдары қол жеткізді.

Жартылай финалда «Астана» «Ертіс» командасын ұтса, «Қайрат» «Ақтөбе» командасынан ұтылған болатын.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика