Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

“Астана” ФК – “Қайрат” ФК 1:4

2016 жылғы 10 қыркүйекте «Астана-Арена» стадионында Қазақстан Республикасы чемпионатының Премьер-Лигасының 26 туры аясында футболдан алматылық «Қайрат» және елордалық «Астана» футбол клубтары арасында тартысты бәсеке өтті.

Осы екі командананың арасындағы ойын – чемпионаттағы маңызды ойындардың бірі болып саналады. Жарысты тамашалауға стадионға 6 мыңнан астам көрермен жиналды.

Жарыс басталысымен екі команда да бірден шабуылға көшті. Бірінші таймның 5 минутында «Қайрат» командасының ойыншысы Герсон Асеведо гол соғып, есеп ашты. Астаналық команда есепті теңестіруге қанша тырысса да, бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Матчтің екінші таймында да «Қайрат» командасы белсенділік танытты. Ойынның 62 минутында Бауыржан Исламхан гол соқса, араға 5 минут салып, 67 минутта Жерар Гоу қақпаға 3 допты салды. Есеп 0:3. Осыдан кейін елордалық команда намысқа тырысып, жарыстың 71-ші минутында Джордже Деспотович қарымта гол соғады. Өз кезегінде ойынның 76-шы минутында «қайраттық» Андрей Аршавин астаналықтардың қақпасына 4 голды соғып, командасына жеңіс әкелді. Матч 1:4 есебімен алматылық «Қайрат» футбол командасының жеңісімен аяқталды.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика