Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

“Астана U21” ФК – “Тараз U21” ФК 3:0

Құрметті футбол сүйер қауым!

2016 жылғы 12 қазанда «Астана-Арена» стадионында 2016 жылғы Екінші лига командаларының 24 туры аясында «Астана U21» және «Тараз U21» футбол командалары арасында жарыс өтті. Бұл матчта дубль құрамы үшін негізгі құрамның үш ойыншысы Рохер Касьянс, Агим Ибраими және Джордже Деспотовичтар алаңға шықты. Ойынның алғашқы минутында Ибраимидің қапталдан әуелете соққан добын, Деспотович баспен қақпаға қарай асырғанда қақпашы қарсы тұра білді.

Оныншы минутта Агим Ибраимидің қапталдан берген добын Абай Жүнісов Владислав Прокопенкоға асырды, ол өз кезегінде қорғаушыны ұтып өтіп, тепкен соққысы қақпаның маңдайшасына тиді. 5 минут өткен соң Аманбол Алиев соққан айып добын, Деспотович қақпаға дәл бағыттады.

Ойынның екінші таймында алаңға Рохер Каньяс пен Джордж Деспотович шықпады. Бұған қарамастан ойын тартысты басталды. Абай Жүнісовтің қақпаға бағыттаған айып добын, қақпашы қайтара білді. Бұдан кейін ойыншыларға дәлдік жетіспеді, Әлішер Сағитовтың қақпаға бағыттаған соққысы, қорғаушыға тиді. Ардақ Сәулеттің де соққысы қиыс кетті. Тек қана қосымша уақытта Владислав Пркопенко Абай Жүнісовтің шығарған айып добын қақпаға дөп тигізді. Есеп 3:0, астаналықтардың пайдасына шешілді.

Келесі матч 17 қазанда «Ордабасы» командасымен Шымкент қаласында өтеді.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика