Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

Казақстан – Румыния 0:0

Құрметті футбол сүйер қайым!

2016 жылғы 11 қазанда «Астана-Арена» стадионында 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Румыния ұлттық құрама командалары арасында матч өтті.

Ойын басталысымен алаң иелері бірден шабуылға көшіп, 10 минуттай шабуылды ұстап тұрды. Бірақ қарсыластарына қауіп төндіре алмады. Румыния командасы өз кезегінде екі рет қауіпті сәт тудырды, Рэзван Мариннің қашықтықтан соққан добын, қақпашы Стас Покатилов қайтара білді. Ойынның ортасына таман румындықтардың қорғанысы әлсіреген тұста, біздің командаға шапшаңдық жетіспеді.

Матчтің екінші таймы сылбыр өтті. Командалар ойын барысында көбіне қорғанысқа көшті. Қарсыластардың қашықтықтан берген соққыларын, қақпашы қақпаға дарытпады. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Ескерту алғандар: Шомко 36 минутта, Қуат 80 минутта.

Келесі матч 2016 жылғы 11 қарашада Астана уақытымен 00:45-те Дания құрама командасымен өтеді.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика