Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

“Оқжетпес” жеңіске жетті

2017 жылғы 18 наурызда «Астана-Арена» стадионында Премьер-Лиганың 3 туры аясында «Оқжетпес» пен «Тобыл» футбол командалары арасында матч өтті.

Көкшетаулықтар екі турдан кейін бірінші рет өз алаңында ойын өткізіп тұр. Ойын басталысымен қонақтар белсенділік танытты, әйтсе де бұған «Оқжетпес» командасы қарсылық таныта білді. Олар қарсылас қақпаға бірнеше рет қауіп төндіргенмен, доп мүлт кетіп жатты. Тек ойынның 34-інші минутында Хорват Лукас гол соғып, есеп ашты.

Екінші тайм қарсы шабуылдармен басталды. Командалар бірнеше рет қауіпті сәттер тудырғанмен, нәтиже болмады.

Матч «Оқжетпес» командасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика