Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

«Оқжетпес» командасы ұтылды.

«Оқжетпес» — «Қайрат» 2:3 (1:0)

Голдар: Струков 29 (1:0), Струков 68 (2:0), Аршавин 74 (2:1), Исаэль 75 (2:2), Турысбек 79 (2:3)
Ескертулер: Федин 44 — Жуков 42
«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Чертов, Еоне, Политыло, Хорват, Струков (Козлов 86), Федин (Досмагамбетов 69), Куксин, Юрин, Марочкин (Даиров 64), Шафф
Қосалқы құрам: Голубничий, Генков, Сламбеков, Недашковский, Аяганов, Абилгазы
«Қайрат»: Плотников, Исаэль, Аршавин (к), Гоу, Иличевич (Турысбек 57), Элек, Вороговский, Ахметов, Суюмбаев, Жуков (Балтабаев 90+3), Бакаев
Қосалқы құрам: Грубов, Анене, Куантаев, Касым, Абикен
Төрешілер: Кумашев, Аубакиров, Навроцкий (барлық — Астана)
14 мамыр. Астана. «Астана Арена» стадионы. 500 көрермен.

Қазақстан Премьер-лигасының 12 кезеңінің «Оқжетпес» пен «Қайрат» арасындағы матчы Астанада өтті. Көкшетаулықтар өз стадиондарының дайын болмауына байланысты, осымен бірнеше рет ойынды «Астана-Арена» стадионында өткізді.
Кездесу алматылықтардың шабуылынан басталды. Бұл тактика ойынның алғашқы минутында нәтижесін берді: команда капитаны Андрей Аршавинның қақпаға соққан добына Стаменкович жылдам әркет етіп, қайтарып үлгерді.

Бұдан кейін Ян Вороговский айып алаңынан пасты Иво Иличевичке берді, ол бөгеліп қалғанда, қақпашы соққыға тойтарыс берді.
«Оқжетпес» ойынның 29 минутында есеп ашып, алға шықты. Голды Сергей Струков соқты.
«Оқжетпес» екінші таймды да өте сауатты бастады. Көп ұзамай 64 минутта тағы бір гол соғып, есепті еселей түсті. Тағы да Струков допты қақпаға дөп түсіріп, шеберлік танытты.
10 минуттан соң Андрей Аршавин «Оқжетпес» командасының қорғанысының жаңсақтығын пайдаланып, есеп айырмасын азайтты. Бұдан кейін бір минутқа жетер-жетпес уақытта Исаэль айып добын алып, бос қақпаға гол соқты. Есеп – 2:2. Ойын барысы түбегейлі өзгерді. Бауыржан Тұрысбек Исаэльдің шығарған пасын бірден қақпаға дәлдеді. Гол! Сөйтіп «Қайрат» бес минуттың ішінде үш гол соғып, жеңісті жұлып алды. Мұндайды күтпеген «Оқжетпестің» қорғаушылары осы уақыт аралығында асып-сасып, Алматы клубы футболшыларына өз қақпаларын дәлдеп, нысанаға алуға мүмкіндік беріп қойды. Ойын қорытындысы бойынша 3:2 есебімен алматылық «Қайрат» алға шықты.

http://www.sports.kz/news/otchet-o-matche-premer-ligi-okjetpes-kayrat-2-3

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика