Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

Елордамыздағы дәстүрлі шаңғы фестивалі

Астана, 25 ақпан 2017 жыл.

 

Астана қаласы әкімдігінің «Қыс өрнегі» 17-ші шаңғы фестивалі биылғы жылы «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арналып өткізіледі. Бұл дәстүрлі шаңғы жарысы – қыстың соңғы сенбісінде Есіл өзенінде (Есіл өзенінің арнасы, Қабанбай батыр даңғылы, көпір, «Рамстор» СҮ) және қалалық саябақтың жаяу жүргіншілер көпірінде өтеді.

Аталған фестивальге қатысушылар таңғы сағат 9.00-ден бастап тіркеледі, бұдан соң фестивальдің ашылу салтанаты басталады. Дәстүрлі 2 шақырымға сырғанаудан кейін жарыс басталады. Бұл шара төмендегідей спорттың 10 түрі бойынша өтеді: әр түрлі жас санатындағылар арасында 1 және 3 шақырым қашықтыққа шаңғымен жарысу, мини-футболдан қар үстінде жарысу, хоккей, белдесу, крикет, армрестлинг, кір көтеру, арқан тарту, мұз астында балық аулау және мотокросс.

Бұл күні Есіл өзенінің арнасында спорт қалашығы бой көтереді. Фестивальді ұйымдастырушылар – Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс шараларды өткізу дирекциясы аталған жарысты өткізу уақытын дәл таңдаған. Өйткені, ақпан айының соңында, яғни, қыс пен көктемнің түйісер тұсында, ауа-райы жылынып, күн жадырап, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тамаша көңіл-күй сыйлайды.

Бұл шара өзінің ресми ауқымынан шығып, қысқы спорт түрінен өтетін үлкен мерекеге айналғалы қашан?! Өткен жылғы жарыста тек шаңғы жарысының өзіне 2 700-ден астам адам жазылды. Олар – оқушылар, студенттер, әскери қызметкерлер, жастар, қала тұрғындары мен зейнеткерлер. Фестивальге түрлі саланың өкілдері: қоғам қайраткерлері, мұғалімдер, спортшылар, бизнес өкілдері, медицина қызметкерлері, т.б. белсене қатысты.

Дәстүрлі «Қыс өрнегі» фестивалі – елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға болып саналады. Отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан да, қала басшылығы Елорда қонақтары мен тұрғындарын айтулы шараға белсене қатысуға шақырады. Ол үшін фестиваль өтетін күні өтінім беру қажет.

Жауапты атқарушылар: «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс шараларды өткізу дирекциясы» МКҚК, «№2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» МКҚК.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 26 63 46

Әлеуметтік желіде: elordasport.kz/contacts/

Өткізілетін орны -Есіл өзені, «Астана саябағы» жағынан. Фестиваль қатысушыларын тіркеу уақыты 9:00. Салтанатты ашылу рәсімі 10:00 басталады. Фестиваль бағдарламасына спорттың 10 түрі кірді. Шаңғы тебу спортынан, қол күресінен, кір көтеру спортынан, арқан тарту, мұзасты балық аулаудан жарысқа қатысушылар алдын-ала тіркеуден өтуі тиіс. Өтінімді festival_kys_ornegi@mail.ru электронды поштасына мына мәліметтерді көрсетіп жіберулері керек:

1. Аты-жөні

2. Жас шамасы(туған жылы)

3. Спорт түрі

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді және Сіздердің жақындарыңызды ең қызықты қыстық спорт фестивалі «Қыс өрнегіне» шақырамыз, өздеріңізге жақсы көңіл-күй сыйлаңыздар!

 

 

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика