Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

«Шахтер» «Қайсар» жеңіліс тапты

2017 жылғы 18 наурызда «Астана-Арена» стадионында Премьер-Лиганың 3 туры аясында «Шахтер» мен «Қайсар» футбол командалары арасында матч өтті.

Ойының алғашқы 10 минутында қарсыластар кедергіні жеңіп шығуды көздеді. Бұдан соң «Қайсарлықтар» ойын тізгінін өз қолдарына алып, шабуылға көшті. «Шахтер» қорғанысқа көшті, тек ойынның 22-інші минутында Штэфан Зошак допқа иелік етті. Бірақ «Қайсар» командасының жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов ережені бұзып, «Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Марко Станоевич тарапынан қателікке жол берілді. Нәтижесінде қызылордалық команда дереу шабуылға көшті. Жартылай қорғаушы Матиас Курьордің оң жақ қапталдан берген добын 7-інші нөмірдегі Мақсат Байжанов командаласы Володомир Аржановқа асырады, ол өз кезегінде қарсыластың екі қорғаушысынан өтіп, қақпаға дөп түсірді. Есеп 1:0.

Екінші таймда командалардың екпіні бәсеңдеді. Таблодағы есеп көрсеткіші өзгеріссіз қалды. Бұл кезеңдегі «Қайсар» командасының үшінші жеңісі. Олар 9 ұпаймен 1-інші орынды иеленсе, «Шахтер» командасы 1 ұпаймен 11 орын алды.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика