Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған Астана қаласы әкімдігінің «Достық спорткомбинаты» МКҚК қызметкерлері арасында турнир

Қымбатты достар! 2016 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған Астана қаласы әкімдігінің «Достық спорткомбинаты» МКҚК қызметкерлері арасында турнир өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салтын насихаттау» жолдауын жүзеге асыру және кәсіпорын қызметкерлерін спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға шақыру – аталған турнирдің мақсаты болып саналады.
Турнирді қаржы мәселесі жөніндегі директордың орынбасары Серік Төлешов пен спорт жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Марат Бөлегенов құттықтау сөзін айтып, ашты. Турнирге кәсіпорын қызметкерлерінен құралған 4 команда қатысты. Олар: «Қаржы бөлімі», «Әкімшілік-шаруашылық бөлімі», «Техника бөлімі» және «Спорт бөлімі».
Жарыстың бірінші кезеңі ұлттық ойынның бір түрі – «арқан тартудан» басталды. Бұл кезеңде үшінші орынды – қаржы бөлімі, екінші орынды – әкімшілік-шаруашылық бөлімі иеленсе, бірінші орынды – спорт бөлімі алды.
Келесі кезеңде қатысушылар мини-футболдан жарыс өткізді. Жарыстың бұл кезеңі эмоцияға толы, өте тартысты әрі қызықты өтті. Сайыстың ақтық кезеңіне «әкімшілік-шаруашылық бөлімі» мен «спорт бөлімі» командалары шықты, айқасқа толы кезеңде 2:1 есебімен «әкімшілік-шаруашылық бөлімінің» ойыншылары жеңіске жетті. Ойын қорытындысы бойынша: үшінші орынды – техника бөлімі, екінші орынды – спорт бөлімі иеленсе, әкімшілік-шаруашылық бөлімі жеңімпаз атанды.
Турнирдің үшінші кезеңінде ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен жүлделер сарапқа салынды. Бұл сайыста әйелдер арасында 3 орынды – Әйгерім Сұлтанбекова, 2 орынды – Айдана Құрманалина, 1 орынды Әсия Базарбекова иеленсе, ерлер арасында 3 орынды – Владимир Михайлев, 2 орынды Аяған Ережепов, 1 орынды – Марат Күселбаев жеңіп алды.
Турнирға қатусушылардың барлығы арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
dsc_0427

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика