Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

«Астана-Арена» стадионында жабынды футбол өрісті ауыстыру

«Астана-Арена» стадионы туралы мәлімдемеге қатысты:

«Астана-Арена» футбол алаңының жасанды төсемінде үлкен жүктемеге және футбол клубтарының ескертулеріне байланысты, ойын алаңының төсеміне қосымша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Алдағы 2017-2018 ж.ж. УЕФА Чемпиондар Лигасының квалификациялық матчтарына байланысты «Астана-Арена» стадионында маусым-шілде айларында жоспарланған УЕФА сертификаттау шараларын өткізу үшін, футбол алаңының төсемін ауыстыру мәселесі қозғалған болатын. Жұмыстарды жүргізудің жоспарлы мерзімі – наурыз айының соңынан бастап мамыр айына дейін. Аталған мерзім Қазақстан футбол федерациясы, «Астана» ФК және ҚФЛБ басшылығы мен жаттырушылар құрамымен келісе отырып бекітілген.

«Астана» ФК сәуір айының ойындары басқа алаңға ауыстырылды. Сондай-ақ «Астана»-«Шахтер» футбол клубтарының матчы 1 сәуірде Теміртау қаласында өтеді. «Астана» ФК-ның мамыр айындағы матчтары «Астана-Арена» стадионында өткізу жоспарлануда.

Футбол алаңының жасанды төсемін ауыстыру шаралары – сертификаттау шараларын өткізу үшін және УЕФА сапасы жоғары талаптарына сәйкестік мақсатында жүзеге асырылуда.


Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика