Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00
(әкімшілік)

Сенбі, жексенбі - демалыс

Еуропа лигасының матчтарына билеттер сатылымға жіберілді!

Қымбатты футбол сүйер қауым! 2016 жылғы 3 және 24 қара күндері сағат 22:00-де «Астана-Арена» стадионында Еуропа лигасы аясында «Астана» – «Олимпиакос» (Греция) және «Астана» – «АПОЭЛ» (Кипр, Никосия) командалары арасында өтетін матчтарға билеттер сатылуда.
Билеттер тәулігіне 24 сағат бойы www.ticketon.kz желісі және клубтың ресми сайты арқылы қолжетімді. Сонымен қатар, билеттерді «Астана-Арена» стадионының кассасынан және «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында, «My Town» және «Алма» (Республика даңғылы) сауда үйлерінде орналасқан «Билеты Астаны» кассаларынан қолма-қол сатып алуға болады. Билеттер ішкі матчтардағыдай деңгейлерге бөлінеді. Ойындардың бағасы 1000 теңгеден 7000 теңгеге дейін. 7 (жеті) жасқа дейінгі балалар тегін кіреді (орын берілмейді). Студенттер мен оқушыларға 50% жеңілдік ұсынылады. Зейнеткерлерге (зейнеткер куәлігін көрсетуі тиіс) кіру тегін. Зейнеткерлерге ыңғайлы болуы үшін оларға W1 мінбері арнайы бөлінеді.

Біз әлеуметтік желілерде
Тарихы Стадион 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші матчта сол күні «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.
Яндекс.Метрика